Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Украина баспасөзге Путиннің сөздерін келтіруге тыйым салмақ

Сонымен қатар, Украинаның медиа кеңістігіне қауіпті деген Ресей азаматтарының тізіміне енген тұлғалар қатысатын бағдарламалар мен мақалаларға тыйым салынуы мүмкін.

Сурет : РИА Новости26 Желтоқсан 2019, 16:08

Украинаның БАҚ туралы заңы ақпарат құралдарында ресейлік шенеуніктердің, оның ішінде Ресей президенті Владимир Путиннің сөздерін келтіруге тыйым салады. Заң мәтініне талдау жасаған Strana.ua басылымы осындай тұжырымға келеді.

Құжаттың өзі әлі жарияланған жоқ, бірақ оның мәтіні редакцияның қолына түскен екен. Басылымның хабарлауынша, заңның бүгін бір бөлігі Ресейдің әрекеттерін жариялауды шектеуге арналған. Заң Ресейдің мемлекеттік органдарының, оның лауазымды тұлғалары мен ұйымдарын насихаттау мен олар туралы ақпарат таратуға тыйым салуды көздейді.

Бұл дегеніміз – іс жүзінде Ресей туралы жағымсыз ақпараттан басқа кез-келген ақпаратқа толық тыйым салу дегенді білдіреді.

"Мәселен, ресейлік шенеуніктердің сөздерін таратуға, трансляциялауға мүлдем болмайды. Тіпті Путин тек Ресейдің жетістіктері туралы айтса да", - деп түсіндіреді басылым.

Сондай-ақ "қарулы агрессия туралы шындыққа сай келмейтін материалдарды" таратуға тыйым салынады. Басылымның жазуынша, бұл Донбастағы қақтығысты әртүрлі көзқарастарды ұсыну арқылы объективті жариялау мүмкін емес болатынын білдіреді, өйткені тек Біріккен күштер операциясының штаб-пәтерінен алынған мәліметтер ғана сенімді деректер болып танылады.

Сонымен қатар, Украинаның медиа кеңістігіне қауіпті деген Ресей азаматтарының тізіміне енген тұлғалар қатысатын бағдарламалар мен мақалаларға тыйым салынуы мүмкін.

Қараша айында Украинаның Мәдениет, жастар және спорт министрі Владимир Бородянский тапсырыс бойынша ақшаға материал дайындаумен айналысатын журналистер үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу қажет деп мәлімдеген. Ол бұқаралық ақпарат құралдарында жалған мәліметтер таратуды мемлекеттік сатқындықпен теңестіріп, кей журналистердің мақалаларында жариялаған пікірлер Украинаның ұлттық мүдделеріне қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты.

17 қазанда Жоғарғы Рада Ресейдің ақпараттық ықпалына қарсы тұруды қамтамасыз ететін уақытша тергеу комиссиясын (ВСК - временная следственная комиссия) құру туралы қаулы қабылдады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер