Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Екі қу келіншек ломбардтарға алтын деп "бижутерия" өткізіп, 7 миллион теңгеге кеңелген

Талдықорғанда екі әйел екі жыл бойына ломбардтарға "бижутерияны" алтын деп өткізіп жүрген.

Сурет : kakprodat.com26 Желтоқсан 2019, 17:42

Талдықорған соты талай ломбардты тақырға отырғызған екі алаяқ әйелдің ісін қарастыруда, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл істі облыстық полиция департаментінің тергеушілері тергеп, оны жақында Талдықорған қалалық сотына жіберген. Сотта Талдықорғанның екі тұрғынының алаяқтық ісі қаралды, зардап шегушілер – қаладағы бес ломбардтың иелері.

- 1982 жылғы екі айыпкер де Талдықорған қаласының тұрғындары, олар 40-тан астам алаяқтық іске қатысы бар деп айыпталады. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 7 миллион теңгеден асты. Бұл істің барлығы ломбардтармен тығыз байланысты, қулыққа барған келіншектер ломбардқа алтын деп күміс зергерлік бұйымдарды өткізген, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Екі жылдан бері кәсіпкер әйелдер Алматыда жасанды әрі арзан зергерлік бұйымдарды сатып алған. Негізінен, алқаларды. Олар алқаның бекітілетін жеріне алтын екенін нақтылайтын белгісі бар шын алтын ілгекті қадаған. Бірақ алқаның өзі алтын болмаған. Оны ломбардқа басқа алтын бұйымдармен білдірмей, бірге араластырып өткізіп отырған.

- Ломбардтағы мамандар алқаның өзін тексермеген. Ілгектегі белгі мен ілгектің өзінің алтын болуы онша күдік туғызбаған. Мұның барлығы тек ломбардтың иесі ұйымдастырған жан-жақты тексеруден кейін анықталған, - деді Алматы облысы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Болат Идиалов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер