Мынау, әкімнің орынбасары! Мейрамханада төбелескен шенеуніктер видеоға түсіп қалған
видеодан алынды
Басты рөлде - аудан әкімінің орынбасары, деп көрсетілген видео астындағы жазбада.
JEXEN NEWS Телеграмм-арнасында мейрамханада болған төбелестің видеосы жарияланды. Автор бұл Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің корпоративі екенін жазады, деп хабарлайды zakon.kz.
- Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің "корпоративі" көңілді әрі тартысты өтті. Әсіресе, ойындардың көңілді өткені сонша мейрамханадағы барлық зат "ұшты": үстелден бастап орындықтарға дейін. Бұл "массовкадағы" адамдар - Жер қатынастары және сәулет бөлімінің қызметкерлері. Басты рөлде - аудан әкімінің орынбасары, деп көрсетілген видео астындағы сарказмға толы жазбада.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі бұл істі зерттеу үшін арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.
- Мен бұл ақпаратты растай да, жоққа да шығара алмаймын. Қазір тексеру жүргізу үшін арнайы жұмыс комиссиясы құрылды. Оның үстіне, облыс әкімдігі тарапынан жаңа жылдық корпоратив кештерін өткізбеу туралы нұсқау берілгенін баса айта кету керек. Тек әкімдіктерде ғана емес, сонымен қатар квазимемлекеттік сектордың кәсіпорындарында да, - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.
Тақырыпқа орай: Төбелескен шенділердің оқиғасына қатысты тың мәлімет шықты
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript