Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматыда ұшақ апатынан №4 ауруханаға түскендердің екеуі көз жұмды

Олардың алған жарақаты адам төзгісіз жағдайда болған.

Сурет : №4ҚКА баспасөз қызметі27 Желтоқсан 2019, 13:57

№4 қалалық клиникалық ауруханада шұғыл өткізілген арнайы баспасөз мәслихатында Алматыдағы ұшақ апаты салдарынан ауруханаға жеткізілген зардап шегушілердің екеуі қайтыс болғандығы айтылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы зардап шеккендердің ауруханаға өте ауыр халде түскенін хабарлаған №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері міндетін атқарушы Айман Байзолданова айтты.

Екі адам қайтыс болды. Олардың алған жарақаты адам төзгісіз жағдайда болған. Олардың аты-жөні аталмады.

Байзолданованың айтуынша, қаланың барлық медициналық потенциал тірі қалғандарға көмек көрсету үшін жұмылдыруда, алты ота жасалған.

Сондай-ақ ол донор қан мен басқа да дәрі-дәрмектер жеткілікті екенін баса айтты.

Бұған дейін оқиға орнынан 19 зардап шеккен адам №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілгені хабарланған. Зардап шеккендердің жалпы саны - 51 адам.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер