Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматыдағы ұшақ апатына не себеп болғаны айтылды

Бұл ұшқыштың қателігі болды ма немесе техникалық ақау болды ма, мұны Халықаралық авиация комитеті де қадағалайтын комиссия анықтайтын болады.

Сурет : zakon.kz27 Желтоқсан 2019, 14:23

Алматыда Bek Air әуекомпаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшыраған жерге ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин және ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов келді. Ол арадағы жағдаймен танысқан шенділер БАҚ алдында шығып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Үкіметтік комиссия мүшелері апат орнындағы жұмыстар барысы туралы айтып берді.

- Ұшақ құлағанға дейін құйрығымен екі рет жер сүйкеп, доңғалақтары жиналып алынған. Бұл ұшқыштың қателігі болды ма немесе техникалық ақау болды ма, мұны Халықаралық авиация комитеті де қадағалайтын комиссия анықтайтын болады. Ұшу жолағы өте жақсы жағдайда болды, – деді Скляр.

Бортта 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. 12 адам қайтыс болды: сегізі оқиға орнында, екеуі ауруханада және екеуі әуежайда. 49 адам ауруханаға жеткізілді, 18-нің жағдайы ауыр.

Оқиға орнында үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. Мұнда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Алматы қаласы мен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің, полиция және басқа да қызмет түрлерінің қызметкерлері жүр, олар апаттан кейінгі қажетті жұмыстарды атқаруда.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер