Непалдағы ұшақ апаты: апаттың ықтимал себебі айтылды
"Ауа райына қатысты ешқандай проблема болған жоқ, ұшақ техникалық себептерге байланысты құлағаны туралы алдын ала ақпарат келіп түсті. Ұшақ әуеде болған кезде жалын байқалғаны туралы ақпарат түсті", – деді Непал азаматтық авиация басқармасының өкілі Гьянендра Бхул жергілікті MyRepublica басылымына берген сұхбатында.
Оның нақты себебін Непал билігі 45 күн ішінде дайын болатын арнайы комиссияның есебінде жариялайды.
15 қаңтар күні ATR 72 жолаушылар ұшағы да апатқа ұшырап, Непал астанасы Катмандудан Похараға ұшып келген борт қонар кезде апатқа ұшырады. 68 жолаушы Yeti Airlines компаниясының 4 экипаж мүшесінің бәрі қаза тапты.
Жолаушылар арасында: 53 непалдық, 5 үндістандық, 4 ресейлік, 2 кәріс және Ирландия, Аргентина, Австралия және Франциядан бір-бір жолаушыдан болған. Жолаушылар арасында қазақстандықтар жоқ.
Непал үкіметі ұлттық аза тұту күнін жариялады.
Апат кезіндегі ұшақтағы жағдайды жолаушылардың бірі видеоға түсіріп алыпты. Видеодан бей-жай келе жатқан жолаушыларды, сонан соң жалын көрініп, айқай-шу естіледі.