Адвокат Айман Омарова Алматыдағы ұшақ апатынан аман қалды

27 Желтоқсан 2019, 15:00
Сурет: Time.kz

Танымал қазақстандық адвокат, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айман Омарова ұшақ апатынан аман қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мен аманмын. Бұл рейске отыруым керек еді. Көмекшімді жібердім, алайда соңғы сәтте Көкшетау арқылы Петропавлға ұшатын болдым. Жағдай осындай. Ол рейспен ұшпадым. Қазір соттамын. Демек, мен әлі керек болғаным ғой", - деді адвокат Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 07:22-де болды. Bek Air әуе компаниясының "Алматы – Нұр-Сұлтан" бағытындағы Fokker 100 ұшағы Талғар ауданында құлады. Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат 15 адамның өмірін қиды. Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Президентің тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

103 қызметіне суық хабар таңғы сағат 07:43-ке түскен. Оқиға орнына Алматы облысындағы жәдел жәрдем қызметінің 16 бригадасы – Талғар ауданының 5 бригадасы, Іле ауданының 6 бригадасы, Боралдай ауылының 2 бригадасы, Еңбекшіқазақ ауданының 3 бригадасы шұғыл жеткен. Жалпы, апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуге Алматы қаласының жәдел жәрдем қызметінің 35 бригадасы жұмылдырылды. Сондай-ақ апат орнына екі нейрохирургиялық бригада барды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?