Air India ұшағының апаты: бір жолаушы аман қалды

Air India ұшағы апатқа ұшыраған кезде бортта қазақстандықтар болмаған – СІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2025 19:40 Сурет: X/AviationWeek
Үндістанда апатқа ұшыраған Air India ұшағының орнынан 204 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Reuters агенттігінің жазуынша, қаза тапқандар арасында ұшақ жолаушылары да, жердегі адамдар да болуы мүмкін – әуе лайнері медициналық колледждің жатақханасына құлаған.

ANI агенттігі Ахмедабад қаласының полиция басшысына сілтеме жасап хабарлауынша, бір адам аман қалған. Ол ауруханаға жеткізілген, қазіргі жағдайы нақтыланып жатыр.

2025 жылғы 12 маусымда Үндістанның Гуджарат штатындағы Ахмедабад әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бортта экипажды қоса алғанда 242 адам болған. Ұшақ Лондонға бағыт алған. Air India әуе компаниясы Boeing 787-8 ұшағындағы жолаушылардың қай елдерден болғанын хабарлады. Кейін әуе кемесінің медициналық жатақханаға құлағаны және сол жерде болған адамдардың зардап шеккені белгілі болды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Air India әуе компаниясының ұшағы апатынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы 12 маусым күні Zakon.kz сайтына ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: