Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Министр ұшақ апатынан қайтыс болғандардың туыстарына 4 млн теңге қашан төленетінін айтты

Министр ұшақ апатынан зардап шеккендерге материалдық өтемақы төлеу туралы шешімді қала мен облыс әкімдіктері қабылдайтынын нақтылай кетті.

Сурет : primeminister.kz30 Желтоқсан 2019, 12:58

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Алматыда ұшақ апатынан қаза болғандардың туыстарына материалдық көмек ақша қалай берілетіні туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Үкімет ұшақ апатынан қаза тапқандардың әрқайсысына 4 миллион теңгеден төлеуге шешім қабылдады. Министрлік осы сипатта қаулы әзірледі және бүгін оған дауыс берілді. Бұл қаражат марқұмдардың отбасы мүшесінің жеке шотына аударылады, - деді Нұрымбетов үкімет дәлізіндегі журналистерге берген сұқбатында.

Ол ұшақ апатынан зардап шеккендерге материалдық өтемақы төлеу туралы шешімді қала мен облыс әкімдіктері қабылдайтынын нақтылай кетті.

- Марқұмның туыстарына ақша төлеу жайына келетін болсақ, 27-і апат болды, 28-і күні өтемақы төлеу туралы шешім қабылданды, бірақ үкімет оған бүгінгі отырыста дауыс берді және бұл ақшаны бүгін Еңбек министрлігіне береді. Біз оларды қысқа мерзім ішінде жеке шоттарға аударамыз, - деп түсіндірді министр.

Айта кетсек, 27 желтоқсанда 98 адам, оның ішінде бес ұшақ экипажы болған Алматы - Нұр-Сұлтан бағытына Алматы әуе-жайынан ұшып шыққан Bek Air компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, Салдарынан 12 адам қаза тапты.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер