Жаңалықтар тізбегі
0

Әділ шешім үшін мың алғыс

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2019 21:21 zakon.kz
Төлеутайдың адамды құқыққа қарсы қазаға ұшырату пиғылының болғаны анықталмаған.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына сотталған Еламанның ағасы Төлеутай Бағдат Асылбекұлының жолдаған алғыс хатында Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Киятбек Амандықұлы Мирзабековке алғысын білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Іс материалдары бойынша сотталушы Б.А.Төлеутайға қатысты қылмыстық іс сотқа ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігі және 24-бабының 3-бөлігі - 99-бабының 2-бөлігінің 9)-тармағымен (бұзақылық ниетпен адам өлтіру ниеті өзіне байланысты емес мән-жайлармен соңына дейін жеткізбеу) берілген болатын.

Сотта анықталғандай, Б.А.Төлеутай жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруды заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдап және алып жүрген, яғни ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Бұдан басқа, Б.А.Төлеутай 11 наурыз 2018 жылы Ақтөбе қаласы Абай даңғылындағы орналасқан үйдің алдында қолына шанышқы мен газды тапаншаны алып, жәбірленуші И.Саназаров және қасында болған адамдарға өзінің үстемдігін көрсету мақсатында, қоғамды және адамгершілік нормаларын көрінеу құрметтемеуі анық көрінетін, азаматтарға күш қолдану арқылы, оларға сыйламаушылық көрсетіп, қоғамдық тәртіпті ашық түрде бұзып, И.Саназаровқа қарай шанышқымен сермеп, содан травматикалық резеңке патрондарымен оқталған күйдегі газды қаруынан оған қарай төрт рет оқ атқан.

Тергеу органы сотталушы Б.А.Төлеутайдың ниеті жәбірленуші И.Саназаровты өлтіруге тікелей бағытталғанын айғақтайтын нақты дәлелдемелерді сотқа ұсынбаған және сот тергеуінде Б.А.Төлеутайдың адамды құқыққа қарсы қазаға ұшырату пиғылының болғаны анықталмаған.

Сондықтан Б.А.Төлеутайдың әрекеті осы бөлігінде сот ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі - 99-бабы 2-бөлігі 9)-тармағынан ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2)-тармағына (газды қаруды денсаулыққа зиян келтiру үшiн қолданып жасалған іс-әрекеттер) қайта саралаған.
Сотта Б.А.Төлеутай өз кінәсін толық мойындап, шын жүректен жасаған іс-әрекетіне өкінетіндігін айтқан.

Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесiн, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайларды, сотталушының жеке басын, жәбірленуші сотталушыға кешірім бергенін, оған ешқандай талап қоймайтынын және оған бас бостандығынан айырмайтын жаза қолдануды сұрайтынын ескере отырып, сот үкімімен Б.А.Төлеутай жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз газды қаруды заңсыз иемденіп, сақтап, алып жүргені және газды қаруды қолданып денсаулыққа зиян келтiргені үшін кінәлі деп танылып, оған, ҚР ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігі негізінде, осы баптар бойынша толық мерзім аралығына пробациялық бақылау бекітумен түпкілікті 4 (төрт) жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сотталғанның ағасы Төлеутай Еламан өз алғыс хатында "...ініме ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі - 99-бабының 2-бөлігінің 9)-тармағымен тағылған, яғни адам өлтіруге оқталды деген айып бойынша өте қатаң жаза тағайындау көзделгені баршаға мәлім. Мен өзім іс қаралған кезде қорғаушы ретінде қатыстым.Енді інім ұзақ жылға бас бостандығынан айырылатын болды-ау деп уайымға түстік. Судья Мырзабеков К.А. қылмыстық істі толық, жан-жақты мұқият қарап, үкім жарияланғаннан кейін түсінгенім, ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысын басшылыққа алып, әділ үкім шығарды. Інімнің қылмыстық әрекеті ҚР ҚК-тің 293-бабының 3-бөлігіне қайта сараланып, оған бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындалды".

Хат иесі сөз соңында "Біздер Төлеутайдың бауырлары судья Киятбек Мырзабековке ұзақ өмір, қажымас қайрат, зор денсаулық, тілейміз, бала-шағасының қызығын көрсін", - деп шексіз ризашылығын білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: