Бұрынғы танысын пышақтап өлтірген павлодарлық 14 жылға сотталды

Бұрынғы танысын пышақтап өлтірген павлодарлық 14 жылға сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2024 22:56 Сурет: Zakon.kz
Павлордар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2024 жылдың маусым айында С. алкогольдік масаң күйде болып, Павлодар қаласындағы үйдің ауласында бұрынғы танысы К.-ны кездестірген. Әңгіме барысында олардың арасында сөздік кикілжің туындап, К. С.-ға былапыт сөздер айтып, сонымен қатар дене жарақатын саламын деп қорқытқан. Бұған жауап ретінде С. үйден асхана пышағын алып, көшеге қайта оралып, К.-ның ішіне және денесіне бірнеше рет пышақ сұққан. К. алған жарақатынан жерге құлаған кезде, С. соққы беруді жалғастырған. Соның салдарынан К. қылмыс орнында қайтыс болды. С. полиция қызметкерлерінің келуін күтіп, оларға еш қарсылық көрсетпеген", - деді соттың баспасөз қызметі.

Прокурор бұл әрекет үшін 15 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленуші К.-ның туыстары мен оның өкілі мемлекеттік айыптаушымен толық келісті.

Сотталушы мен оның адвокаты бұл істі абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ретінде саралауды сұрады.

"Алқабилердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша, С. жәбірленушіні қасақана қазаға ұшыратуда кінәлі деп танылды. Заң бойынша оған 14 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сотталғандығының болуына байланысты С.-ның әрекеті қылмыстардың қауіпті қайталануы деп танылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленді", - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: