Жаңалықтар тізбегі
0

Шетелдіктердің Қазақстанға келіп-кету ережелеріне өзгерістер енгізілді

baigenews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2020 17:09 baigenews.kz
Қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енеді.

ҚР Үкіметі 2019 жылы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасына иммигранттардың келуі және болуына, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан шығуы ережелеріне және Көші-қонды бақылауды жүзеге асыру ережелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына кіруге тыйым салынған адамдарға қатысты ережелерге өзгерістер енгізген Қаулыны қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен, өзгерістер мынандай нормаларды қамтыды: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды ​​және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай мен Үндістан азаматтары үшін Қазақстанға кіруге, болуға және кетуіне 72 сағаттық визасыз режимі 2020 жылдың 31 желтоқсанының 23.59 сағатына дейін жарамды.

Осы тармақта қарастырылған 72 сағаттық визасыз режим, егер қолында ұшақ билеттері бар болса, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды ​​және Тараз қалаларының халықаралық әуежайы арқылы үшінші елдерге ұшатын ҚХР мен Үндістан азаматтары үшін қолжетімді.

Қытай мен Үндістан азаматтары 72 сағаттық визасыз режимді қолдана отырып, ҚР ҰҚК Шекара қызметі өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткен уақытты көрсетіп, төлқұжатқа мөр бастырады.

Әуекомпаниялар ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен ҚР Ішкі істер министрлігіне Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды ​​және Тараз қалаларының халықаралық әуежайларынан ұшпастан бұрын 72 сағаттық визасыз режимі бар Қытай Халық Республикасы мен Үндістан Республикасы азаматтарының тізімін алдын ала ұсынады, сондай-ақ Қазақстаннан үшінші елдерге ұшу үшін рейске келмей қалған, сөйтіп Қазақстан Республикасында 72 сағаттық визасыз режимді бұзған ҚХР және Үндістан азаматтарының іздестіру жұмыстарына ат салысады.

Осы тармақта көзделген заңға сәйкес, Қытай мен Үндістан азаматтары 72 сағаттық визасыз режимді бұзған жағдайда, кету шығындарын иммигранттардың өзі көтереді.

Бұл адамдарда ақша болмаған жағдайда оларды елімізге жеткізген әуекомпаниялар ұшып шығуды өз есебінен ұйымдастырады.

72 сағаттық визасыз режимді қолданатын ҚХР және Үндістан азаматтары үшін авиабилеттерді ресімдеу кезінде әуекомпаниялар осы тармақта қарастырылған нормамен қоса, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін қарастырылатын жауапкершілік ережелерін еске салады.

Қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: