Жаңалықтар тізбегі
0

Арыста пәтерге түскен ұры жалаңаяқ қашуға мәжбүр болды

24news.com.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2020 17:20 24news.com.ua
Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 15 000 теңгені құраған.

Арыс АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша түскі уақытта үйінен шығып, бір затын ұмытып кетуіне байланысты қайта келгенінде үй ішінде белгісіз біреудің жүргенін көрген, деп хабарлайды zakon.kz ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ал жымысқы ойын іске асыра алмай қалған күдікті қолына ілінген бижутерияларды алған күйі, үй иесін көре сала аяқ киімін киместен қашып үлгерген. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 15 000 теңгені құраған.

Тұрғын-үйге ұрлыққа түскен ұрыны ұстау мақсатында аудандық полицейлер тез арада оқиға орнына жетіп, барлық қажетті іс-шараларды жүргізді. Айғақты зат ретінде, қол саусақ іздерін алды, куәгерден сұрастырды. Ал, осы аймаққа белгіленген учаскелік полиция инспекторы, полиция полковнигі жақында ғана ҚР Президентінің "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған Нұрмахан Арынов шұғыл әрекет етіп, аяқ киімсіз кеткен ұрыны іздеп жақын аймақтарды аралауға шығады. Шамамен 1,5 шақырым қашықтықта қыстың аязды күні жаздық сүйретпе киіп жүрген азаматты көріп, тексереді. Нәтижесінде, күдікті өз кінәсін толық мойындап, АПБ-не жеткізіледі, қамауда.

Тергеу барысында күдіктінің Арыс қаласының тумасы, алайда бүгінде Шымкент қаласында тұратындығы белгілі болды. Және бұрын сотты болған. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары күдіктінің тағы бір пәтер ұрлығына қатыстылығын анықтады. Бұл ұрлықты 10 күн алдын жасаған. Жәбірленушінің үйінде ешкім жоқтығын және үйге кірер есігінің ашық қалғанын пайдаланып, ақша, ұялы телефон, алтын бұйымдарын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 400 000-ға жуық теңгені құраған. Қазіргі таңда күдіктінің осындай басқа да істерге қатыстылығын анықтауда, тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға үйлеріңізге ұры түспес үшін міндетті түрде тіпті 10 минутқа шықсаңызда үйіңіздің есігін мықтылап құлыптап жүруге кеңес береді. Терезелеріңізге темір тор жасатып, аулаларыңызға бейнебақылау камераларын орнатыңыздар. Ал, үйіңізге ұры түссе уақыт жоғалтпастан тез арада полицияның "102" нөмеріне хабарласыңыздар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: