Жаңалықтар тізбегі
0

Зайсанда Қастер мен Мұрагердің соты басталды

facebook.com / Тоқтар Жақаш, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2020 20:58 facebook.com / Тоқтар Жақаш
Сот Қастер мен Мұрагерді Қытайға қайтара ма, қайтармай ма?

6 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында Қытай қазақтары Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының соты басталды.

- Қолдау білдіруге жиналған жұртты көріп, бір марқайып қалдым. Женева конвенциясына сай Қастер мен Мұрагерді Қытайға қайтаруға ешқандай соттың да, биліктің де қақы жоқ! Өйткені, ол конвенцияны біз әлдеқашан мақұлдап, қол қойғанбыз! Біздің еліміз мойындаған кез-келген халықаралық заң - ұлттық заңдарымыздан биік тұр! Конституциямызда солай жазылған!

Пысы: Өткенде халықаралық белді бір басылымның дәл осы - Қытай қазақтары және Қытайдан қашып келген қандастарымыздың тақырыбына машықтанған бір тілшісімен тілдесе қалғам. Сөйтсем, ол шырағым "Қазақстан заңдары халықаралық заңдардан жоғары ғой!" деп қараап тұр. Сауаты төмен тілшінің беделді басылымда қалай жүргеніне таң қалдым! Таң қалдым да, іштей: "Еее, сендердің әуселелерің де белгілі болды" дедім, деп жазады желіде журналист Тоқтар Жақаш.

Зайсандағы сот процесіне екі жігіттің адвокаты Ләззат Ахатова мен мемлекеттік айыптаушы Ержан Әзімбаев қатысып отыр. Істі судья Шынар Оспанова жүргізіп жатыр.

2019 жылы қазан айының басында Қытайдың Шыңжаң өлкесінде туып өскен этникалық қазақтар Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының Қазақстанға "шекараны заңсыз кесіп өткені" туралы ақпарат тараған. 14 қазанда Алматыдағы адам құқығын қорғау бюросында өткен баспасөз мәслихатында Қастер Мұсаханұлы Шыңжаңдағы "саяси лагерьде қамауда болғанын", Мұрагер Әлімұлы Қытайда "қысым көргенін" айтқан еді. Қазанның ортасында Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) ол екеуін "шекарадан заңсыз өтті" деп айыптап, Өскемен қаласындағы тергеу изоляторына жеткізген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: