Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

"Ақтөбе" хоккей клубының ойыншылары қар құрсауынан құтқарылды

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 653 техника жұмыс істеуде.

Сурет : ГТРК "Южный Урал"6 Қаңтар 2020, 15:20

18 бен 37 жас аралығындағы 28 спортшы отандық жоғарғы лига чемпионатының екінші кезеңі үшін Ақтөбеден Петропавлға жолға шыққан. Спортшылармен қатар автобуста 2 жаттықтырушы мен 2 жүргізуші болған, деп хабарлайды zakon.kz "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автобус қалың қарға төтеп бере алмай, Тимирязево-Сарыкөл-Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы автожолының 27-шақырымында тоқтап қалда. Жүргізуші жолдардағы қозғалысқа шектеу қойылғанға дейін жолға шыққан.

Естеріңізге салсақ, аталмыш жол учаскесі 5-қаңтар күні сағат 18:30-да ауа-райының қолайсыздығына байланысты уақытша жабық болған. Сол күні таңғы алтыда жолға шыққан жүргізуші 1000 шақырымға жуық жолды жүріп өткен. Автобусты қардан шығару үшін автогрейдер мен бульдозер іспеттес арнайы техника жұмылдырылды.

Жолда қалған спортшылар үшін Тимирязев ауданының әкімі түскі ас ұйымдастырды. "Ақтөбе" мен "Қызылжар" хоккей клубтары арасындағы ойын 7-қаңтар күні Петропавл қаласындағы Александр Винокуров атындағы спорт сарайында өтеді.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 653 бірлік техника жұмыс істеуде.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер