Ауа-райының қолайсыздығына байланысты "Екатеринбург-Алматы" тас жолы жабылды
![regnum.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2020 22:03](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-7dfbb2ef-2bbd-446f-bc04-1dc9da4e3783/800x452.webp)
Республикалық маңызы бар автожолдарда 693 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты "Екатеринбург-Алматы" халықаралық тас жолының екі бағыты да жабылып, жол қозғалысы шектелді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, "Екатеринбург - Алматы" жолының Чистополье елді-мекенінен Алматы облысының шекарасына дейінгі 835-856 шақырымында, сол секілді "Екатеринбург - Алматы" халықаралық тасжолының Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы мен Жақсы ауылы аралығындағы 856-917 шақырымында көлік қозғалысына тыйым салынды.
"Қазіргі таңда республикалық маңызы бар автожолдарда 693 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Жолд ағы жағдай туралы ақпаратты білу және бөлісу үшін 1403 және +7 778 001 1403 ұялы телефоны бойынша диспетчерлерге WhatsApp-қа хабарласуға болады", - дейді министрліктегілер.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript