Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда несиесін жаба алмаған жігіттер кәсіпкерді тонаған

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2020 18:30 zakon.kz
Ақшаның тағы бір бөлігін Жаңа жылды тойлауға жұмсаған.

Солтүстік бөлімшенің полиция қызметкерлері екі күннің ішінде кәсіпкерді тонауға қатысты істің бетін ашты, деп хабарлайды zakon.kz Қостанай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыс 2019 жылдың 29 желтоқсанында жасалған. Кешкі сағат 6.30 шамасында Складской көшесінде кәсіпкерге шабуылдаған белгісіз екі адам оның көзіне спрей шашып, қолындағы жылтыр ораманы алып қашқан. Пакет жарылып, ішіндегі үш миллион теңге қарға шашылған. Дегенмен екі жарым миллион теңгені белгісіз адамдар өздерімен бірге ала кеткен. Олар оқиға орнынан ізін суытқан.

Болған оқиғадан кәсіпкер әлі есін жияр емес. Қауіпсіздік мақсатында ол ақшаны ЗИЛ көлігімен жүріп жинаған, жүргізуші кәсіпкерге шабуылдағандарды көрмей қалған, ол тек айғай шыққанда ғана көлігінен секіріп түсіп, кәсіпкерге қарай жүгірген.

Шабуыл жасаушылар бетперде киген, сондықтан оларды тану мүмкін болмаған. Жәбірленуші де полицияға шабуылдаушыларға қатысты қандай да бір белгілері туралы маңдытып ештеңе айта алмаған.

Қылмысты ашу үшін солтүстік полиция басқармасында жедел-тергеу тобы құрылды, оны қылмыстық тергеу бөлімінің бастығы, полиция капитаны Аян Шаяхметов басқарды. Топ құрамына полиция капитаны Қазбек Қайратұлы, полиция капитаны Қуат Темірғалиев және полиция капитаны Болат Нұртазин және Әлібек Кеукенов сынды ізкесушілер кірді.

- Жедел іс-шаралар барысында біз ілік тауып, 31 желтоқсанда қылмыс жасады деген күдіктілерді ұстадық. Облыстық ұшу орталығының 32 және 33 жастағы тұрғындары Тобыл қаласында ұсталды. Ақша ішінара жұмсалып қойылған. Біраз бөлігін несие жабуға жұмсаса, тағы бір бөлігіне Жаңа жыл тойлаған, - дейді ізкесуші.

Қазір олар қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: