Синоптиктер ауа-райы қолайсыздығына байланысты үш өңірге ескерту жариялады

Көлік жүргізушілері мен алыс жолға шыққан адамдарға сақ болу ескертіледі.
Синоптиктер ауа-райының қолайсыздығына байланысты үш өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке іслтеме жасап.
9 қаңтар күні Қостанай облысының кей жерлерін тұман басуы ықтимал.
Сондай-ақ Қызылорда облысының жекелеген аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақмола облысының кей жерлері де қалың тұманға оранады.
Осыған байланысты көлік жүргізушілері мен алыс жолға шыққан адамдарға сақ болу ескертіледі.
Бөлісу
0
Толық оқу