Жаңалықтар тізбегі
0

"Шалбарымды шешпеші" - Алматыда әйел зорлық көрді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2020 15:57 видеодан кадр
Сорақысы, соққыға жығылған Жайнаны не дәрігер дұрыс емдемеген, не полиция қорғамаған.

Зорлады ма білмеймін, есімде жоқ!. "Ар-намысымды таптап кетті" деп арнамызға хабарласқан жалғызбасты келіншек осылай дейді. Алматы тұрғыны үш баласымен не баспанасы жоқ, не ақшасы жоқ, өлместің күнін көріп жүрген екен. Енді жығылғанға жұдырық болып, жұмыстас жігіт аяусыз соғып, тыр жалаңаш шешіндіріп тастаған. Қорлағаны рас, зорлағанын білмеймін деп отыр.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Кешке қызыма да бара алмадым. Үші күні тұрып қызыма барып....жылайды...."


Жаңа жылды Жайна қыз жайнатып қойып дастарханды, жақындарымен өткізгісі келген еді. Тілегені болмады. Бір күндік жалақысы 5 мың теңгесін алу үшін жұмысына барады. Мерекелік дастарханның үстінен дөп түсіп, арақ ішкен жігіттің біреуінен оңбай таяқ жейді.

Жайна, жәбірленуші:

"Омыртқам, қабырғам оң жақ, он саным көгерген,сосын денем неден екенін білмеймін, күйген деп айтады, сырылған, сосын сол жақ көкірегімнің ұшы кесілген. Қан ағып тұрған. Осы жерлерім бұл қайта кішкене неткен түрі ғой.

"Бір жерде, сіз-бізіміз жарасып жүрген соң ол жігіттен мұндайды күтпедім. Аға-қарындастан артық қимылымыз жоқ еді", дейді. Арақтың ақыры аяусыз тепкі, шағылған ыдыс, шытынаған көңіл. Айтпақшы, көңілсіз көріністің куәгері де бар. Жайна екі ортада, әйтіп-бүйтіп рулас інісіне қоңырау шалып үлгеріпті.

Марат Бижанов, Жайнаның інісі:

"8-51 де інім мені алып кетші, мені ұрып жатыр зорлап жатыр деп. Сонымен мен таксиге отырып асығып барып жеткенше 48 мин уақыт өтті. Мен 27 минут сөзін естіп бардым. Тиіспеші, шалбарымды шешпеші, ұрмаңызшы дейді. Бір минут екі минут тынышталып қалады, қайтадан жылаған дауыстар шығып жатады".

Сорақысы, соққыға жығылған Жайнаны не дәрігер дұрыс емдемеген, не полиция қорғамаған. Алғашқысы ауруханаға жатқызбаса, екіншісі арызды қабылдаудың орнына керісінше, зорлық көрсеткен азаматпен келісімге келуге үгіттеген.

Дина Смаилова, жәбірленушінің сенімді өкілі:

"Ең қорқыныштысы білесіз бе, полиция әр минуттың маңызды екенін біле тұра, қылмысты ашудың орнына Жайнаны түн жарымда нотариустарға апарып, құжаттарға қол қойдыртқан. Қылмыскермен бір бөлмеге тастап кетіп оңаша екеуара келісіңдер депті. Меніңше, мұны - тергеушінің заңға қайшы әрекеті деп бағалау керек. Әрі жемқорлыққа қарсы күрес комитетін іске қосқан жөн".

Ал қалалық ішкі істер департаменті бүй дейді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 24 және 120 баптары бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды. Жедел тергеу тобы құрылып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сонымен қатар зәбір көрген азаматша сот-медициналық тексерісінен өтеді. Ескеретін жайт, арызданушы полицияға шағым түсірген күні зорлық көрсеткен азаматқа қатысты ешқандай қарсылығым жоқ деген сипатта арыз жазған болатын.

Әлгінде айттық, арызды полицейлер Жайнаның әлі есін жия қоймаған кезде жаздыртып алған. Осыны ескерме керек. Ал зорламақ болған азамат келіншекке 150 мың теңгені 1- мамырға дейін тауып берем деп қолхат жазыпты.

Жәбірленушінің сөзінше, ол уақытты созып, болмайтын ақшаның өзін бермей қашып кетпек. Мәселе ақшада емес арда. Онсыз да еркек атаулыдан көңілі қалған оның, енді ақ халаттыға да, шен таққанға да шер айтса, мәселенің шешімі табыларына күмәні бар.

Марат Бижанов, Жайнаның інісі:

"Әрбір қазақ, өз жерінде өз тілімен сөйлемесе, әр заң өзінің несімен жауап бермесе, біз кімбіз сонда? Ақшасы жоқ біздер өле беруіміз керек пе? Далада қала беруіміз керек пе?"

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: