Жаңалықтар тізбегі
0

Аяусыз соққыға жығылып, зорлана жаздаған алматылық әйел полициядан арызын қайтарып алды

stolica-s.su, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2020 20:06 stolica-s.su
Алматы қалалық полиция департаменті аяусыз соққыға жығылып, зорлана жаздаған үш балалы әйелге қатысты іске қатысты тың мәліметтің пайда болғанын хабарлады.

Алматыда аяусыз соққыға жығылып, зорлана жаздаған әйел полицияға түсірген шағымынан бас тартып, қарсы талап арыз жазды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- 2019 жылдың 29 желтоқсанында азамат Ж.Түрксіб аудандық полиция бөліміне өзін біреудің ұрып-соғып, зорлай жаздағаны туралы арыз түсірген. Бұл факт ҚР Қылмыстық Кодекстің 24 бабы, 3-бөлімі және 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Осы қылмысты ашу, сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін жедел тергеу тобы құрылды. Осы іске қатыстылардың барлығы анықталып, олар тергеуге алынды. Азамат Ж.-ның алған жарақаттарының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен бірге, жәбірленуші полицияға шағымданған күні-ақ С-ға қатысты шағымынан бас тартып, қарсы талап арыз жазғанын атап өте кеткен жөн. Бұл факті бойынша тергеу жалғасуда, - дейді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетсек, Алматыда үш балалы әйелді аяусыз соққыға жығып, зорламақ болғаны туралы "Не молчи KZ" қоғамдық қоры хабарлады.

- Ол ақшасын аламын деп өзі жұмыс істеген нысан басына барған. Мас жұмысшының бірі оған тиіспек болып, денесіне қолын жүгірткен. Ер адамның ағасы бұл жағдайға куә болып, әйелге көмектескеннің орнына есікті іштен бекітіп жапқан. Әйел көмекке шақырып, жан дауысымен шырқырап айғайлай бастайды, сол кезде әлгі екеу оны аяусыз соққыға жыққан. Арпалыс кезінде әйел туысына қоңырау шалып үлгерген, ол полиция шақырған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: