Жаңалықтар тізбегі
0

Шамалғанда көлік көпірден ұшып кетіп, екі адам қайтыс болды

kris_p_kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2019 18:36 kris_p_kz
Алматы облысының полиция қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты екі адамның қайтыс болғанын хабарлады.

Алматы облысы Шамалған стансасы маңындағы көпірден көлік ұшып кетіп, өзенге батқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиғаның видеосы Инстаграмдағы kris_p_kz парақшасында пайда болды. "Шамалған станциясы, жеңіл көлік көпірден ұшып кетіп, өзенге түсті .." делінген видеода.

Алматы облысының полиция қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты екі адамның қайтыс болғанын хабарлады.

- Жол-көлік оқиғасы таңертең 9.30 уақытында Қарасай ауданында тіркелді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасауда. Жол апатынан 1982 және 1988 жылғы екі азамат қайтыс болды. Бұл оқиғаға қатысты іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігінде қарастырылған қажетті сараптамаларды тағайындау арқылы сотқа дейінгі тергеу басталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: