Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Иранның Украина ұшағын атып түсіргенін мойындауына қатысты Тоқаев пікір білдірді

"Бұл шешімнің маңызы зор".

Сурет : DW13 Қаңтар 2020, 09:43

"Иран билігінің әуе апатына байланысты өз кінәсін мойындауы маңызды шешім болды". Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Иран билігінің бірқатар мемлекет азаматтарының өмірін қиған әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы маңызды шешім болды. Бейбіт азаматтарды да құрбан қылатын шиеленісті бәсеңдету үшін қалыптасып отырған жағдайда барлық тараптар ұстамдылық танытуы керек", - деп жазды Мемлекет басшысы желіде.

Айта кетсек, биыл 8 қаңтарда "Украина халықаралық әуежолы" компаниясының әуе кемесі Тегеран қаласы әуежайының маңында апатқа ұшырады.

Бортта Иран, Украина, Канада, Германия, Швеция және Ауғанстанның 176 адам (167 жолаушы және тоғыз экипаж мүшесі) болған. Ешкім аман қалмады.

Сенбі күні Иран әскери күштері украиндық Boeing ұшағын абайсызда атып алғандарын мойындап, бұған адами фактор себеп екенін мәлімдеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер