Жаңалықтар тізбегі
0

Президент Украина мәселесіне қатысты пікір білдірді

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2019 17:25 Ақорда
Қазақстан басшысы Украинамен достық әрі әріптестік байланыс барын алға тартып, келешегіне бей-жай қарамайтынын білдірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға сапары аясында Украинаның шығысындағы мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Канцлер Ангела Меркельмен келіссөзден кейін Президентке бауырлас елдің қазіргі жағдайы жөнінде сұрақ қойылды. Қазақстан басшысы Украинамен достық әрі әріптестік байланыс барын алға тартып, келешегіне бей-жай қарамайтынын білдірді. Сондай-ақ, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Украина мәселесін шешу жөніндегі ұсынысын еске салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Тұңғыш Президентіміз Қазақстан аумағында Украина мәселесін шешуге бағытталған бітімгерлік ұсыныс жасады. Дегенмен, арадағы келіспеушіліктерге, ең алдымен, Норманд форматындағы жиында нүкте қойылады деген ойдамыз. Бұл басқосу 9 желтоқсанда Парижде өткелі тұр. Тараптарға сәттілік тілейміз. Украинамен бізді достық әрі жан-жақты әріптестік байланыстырады. Украина халқына құрметпен қараймыз. Олар бейбіт те берекелі өмір сүруге лайықты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: