Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қарағандыда тұтқындалған мас жүргізуші бес жылға сотталуы мүмкін

Ол 2018 жылы жүргізуші куәлігінен бір рет айырылып үлгерген де екен.

Сурет : Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі13 Қаңтар 2020, 11:26

11 қаңтардан бастап мас күйінде рөлге отырғаны үшін қатаң жаза қолданылатын заң күшіне енді. Тура сол күні полиция қызметкерлері мас жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды zakon.kz Қарағанды ​​облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

37 жастағы қала тұрғынынан арақтың иісі мүңкіп тұрған. Ол 2018 жылы жүргізуші куәлігінен бір рет айырылып үлгерген де екен.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына тоғытылды, оған қатысты соттың санкциясымен қоғамнан оқшаулауға байланысты алдын-алу шарасы таңдалды. Ер адам бес жыл бас бостандығынан, сондай-ақ жүргізуші куәлігінен мүлде айырылуы мүмкін.

Бұл - заң қатайып, өз күшіне енгеннен кейін Қарағанды ​​облысында алғашқы тіркеліп тұрған қылмыс. Полиция департаменті барлық құқық бұзушыларға қатысты қатаң шаралар қолданылатынын ескертеді.

- Сондықтан барлық азаматтарға мас күйде көлік рөліне отырмастан, алдын ала ойлануды ескертеміз. Өйткені заң қатайған, осы ақымақтығы үшін түрмеден бір-ақ шығады, - деді аймақтық облыстық ПД Тергеу басқармасының бастығы Алмаз Саламатов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер