Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Мысырда қаза тапқан дипломаттың өліміне қатысты қосымша сараптама тағайындалды

Туыстарының өтініші және біздің ұсынысымыз бойынша қазақстандық тарап қосымша сараптама жүргізді.

Сурет : neonomad.kz13 Қаңтар 2020, 18:06

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте Еламан Жолдасовтың қазасы бойынша Қазақстан тарапы қосымша сараптама жүргізіп жатқанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Әріптесіміз Еламан Жолдасовтың денесі 2019 жылы 28 желтоқсанда Қазақстанға жеткізілді. Туыстарының өтініші және біздің ұсынысымыз бойынша қазақстандық сарапшылар қосымша сараптама жүргізді. Енді біз қазақстандық сараптама нәтижелерін күтіп отырмыз, - деді Смадияров.

Ол Жолдасовтың 2019 жылы 31 желтоқсанда туған ауылында жерленгенін еске алды.

"31 желтоқсанда ол Түркістан облысындағы туған ауылында жерленді. Мәйітті жеткізуге және жерлеуге арналған барлық шығын ҚР Сыртқы істер министрлігінің қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Оның отбасы бүгіндері Каирде. Әйелі мен балалары да сонда", - деп сөзін түйіндеді ведомства өкілі.

Айта кетсек, Қазақстан елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасов 2019 жылы 17 желтоқсанда Каирде қайтыс болды. Марқұмның туысқан әпкесінің айтуы бойынша, ол 13 желтоқсанда үйінің кіреберісінен қол-аяғы байлаулы, ал арқасы қан әрі былғанған күйі табылған. Сонымен қатар, ол прокуратура өз-өзіне қол жұмсау туралы болжамды қарастырып жатқанын, бірақ онымен марқұмның туыстары келіспейтінін айтты.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер