Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігіне қарасты комитет төрағасы жаңадан тағайындалды

Бұл лауазымды қызметке Алмабек Марс келді.

Сурет : ҚР АШМ14 Қаңтар 2020, 10:18

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың 2020 жылғы 13 қаңтардағы бұйрығымен Алмабек Марс Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марс Алмабек Марсұлы 1976 жылы 11 тамызда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Батыс Қазақстан аграрлық университетін, Еуразия академиясын тәмамдаған. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы.

1997 - 2000 жылдары - "Нар" АҚ-тың вице-президенті қызметін атқарған.

2000 - 2001 жылдары - ҚР АШМ Батыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының жетекші маманы.

2001 - 2003 жылдары - ҚР АШМ Батыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасы, өсімдіктер карантині жөніндегі бөлімінің бас маманы.

2003 - 2007 жылдары - ҚР АШМ Батыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасы, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекциясында жұмыс істеген. Бөлім бастығы болып қызмет атқарған.

2007 - 2010 жылдары - ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы өсімдіктер карантині жөніндегі және шекара бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бастығы.

2010 - 2011 жылдары - ҚР АШМ АӨК МИК Фитосанитариялық қауіпсіздік, мемлекеттік техникалық инспекция және егіншіліктегі мемлекеттік инспекциясы басқармасының басшысы.

2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары болған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер