Жаңалықтар тізбегі
0

ҰБТ-ны тапсыру процесін қадағалауға арнайы мониторингтік топтар тартылады

тестілеу орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2020 18:45 тестілеу орталығы
ҰБТ 2020 жылы 16-20 қаңтар аралығында 99 пункт базасында өтеді.

Ұлттық тестілеу орталығының бастамасымен Ұлттық бірыңғай тестілеудің ашықтығы мен объективтілігіне қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау және бағалаудың арнайы мониторингтік тобының өкілдері жұмылдырылады, деп хабарлайды zakon.kz.

13 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Ұлттық тестілеу орталығы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және өңірлердегі арнайы мониторингтік топ өкілдерінің қатысуымен арнайы жұмыс кеңесі өткізілді.

ҰБТ 2020 жылы 16-20 қаңтар аралығында 99 пункт базасында өтеді.

Жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі (қаңтар, наурыз, маусым және тамыз). Бұл ретте оқуға түсушілер білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін маусым айында өткізілетін ҰБТ-ны да тапсыруы қажет. Жалпы, ҰБТ-ны тапсыру форматы өзгеріссіз қалдырылған. Бұл норма жоғары білім алуға қолжетімділікті арттыру мақсатында енгізілді.

ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2019 жылы 1-15 желтоқсан аралығында бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде, ҰБТ-ға қатысуға 95 мыңнан аса адам өтініш берді.

ҰБТ-ға орта мектептердің 11 (12) сынып оқушылары, бірінші академиялық оқу кезеңін аяқтағанға дейін (шартты түрде қабылдау) ЖОО-ға қабылданған тұлғалар, сондай-ақ шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобында оқитын және басқасына ауысуға ниет білдірген студенттер қатысады.

Өңірлерге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері жіберілетін, апелляциялық комиссиялар құрылатын, медициналық көмек көрсету пункттері ұйымдастырылатын және тестілеу барысында қауіпсіздік қамтамасыз етілетін болады. Бұдан басқа қажет болған жағдайда, жеке көмекшілер, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған сурдоаудармашылар ұсынылатын болады.

ҰБТ өткізу үшін жергілікті жерлерде 594 адамнан тұратын ҰБТ ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік комиссиялар құрылды. Мемлекеттік комиссияның құрамына облыстар немесе республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кірді.

ҰБТ кезінде 820 аудитория пайдаланылады. Барлық аудиториялар ұялы байланыс құралдарының жұмысын басатын құралдар және бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: