Қаңтар айында ҰБТ тапсыратындар үшін маңызды ақпарат

Қаңтар айында ҰБТ тапсыратындар үшін маңызды ақпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2025 17:10 Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 2025 жылғы 22-30 желтоқсан аралығында өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өтініш беру Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 2026 жылғы 10 қаңтар - 10 ақпан аралығында өтеді.

Бұл тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:

  • орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;
  • шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;
  • өткен жылғы мектеп және колледж түлектері (толық оқыту нысанына);
  • ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар (қандастар);
  • шетелде білім алған бітіруші 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары);
  • Жоо-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар;
  • ЖОО-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар.

Тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.

Тестіленушілер ҰБТ-ға өтініш беру кезінде тестілеу өтетін пункті, күнді және уақытты өз еркі бойынша таңдайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: