2026 жылғы Қаңтар ҰБТ-сы: талапкерлерге маңызды ақпарат айтылды
Фото: Zakon.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің Ұлттық тестілеу орталығы 2026 жылғы 9 қаңтарда қысқы ҰБТ-ға кіретін талапкерлер үшін маңызды ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство тестілеуге кірердегі ережелермен таныстырып өтті.
"ҰБТ-ға кірерде металл іздегішпен тексеру жүргізіледі",- деп ескертті.
Тестілеуге келесілерді алып кіруге тыйым салынады:
- фотоаппарат, пейджер, ұялы телефондар,
- планшеттер, рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер,
- смарт сағаттар, смарт көзілдірік, фитнес білезіктер (трекерлер),
- диктофон, сымды және сымсыз құлаққаптар, микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамераларды, навигаторларды, трекерлерді, қашықтан басқару құрылғыларын,
- шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, периодтық кесте және тұздардың ерігіштігі кестесі, калькулятор, А0-А10 форматтағы қағаздар.
"Оларды тестілеуге кірер алдында сақтау жәшіктерінде қалдырып кетуді сұраймыз. Тестілеуге кірерде тыйым салынған заттар анықталған жағдайда тестіленуші ҰБТ-ға жіберілмейді". ҚР Ұлттық тестілеу орталығы
Тестілеуге бірге алып кіруге рұқсат етіледі:
- жеке куәлік (16 жасқа толмаған болсаңыз, туу туралы куәлік және фотосы жапсырылған мектептен анықтама),
- қалам,
- су,
- шоколад.
Бұған дейін ҰБТ-2026 байқау сынағына қатысушыларға дресс-кодқа қатысты мәлімет ұсынылғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript