Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз басып кетті

Ашық дерекөздерден алынды Ашық дерекөздерден алынды
Олардың теміржол ұйымының 33 және 44 жастағы екі жұмысшысы екені анықталды.

Теміржол ұйымының екі жұмысшысын жолаушылар пойызының басып кетуіне байланысты тергеу басталды, деп хабарлады zakon.kz ҚР ІІМ Көлік департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"13 қаңтарда Жамбыл облысының Бел станциясына кіре беріс Алматы – Ақтөбе бағытында қатынайтын жолаушылар пойызының локомотиві екі адамды басып кетті. Екеуі де оқиға орнында қаза тапты. Олардың теміржол ұйымының 33 және 44 жастағы екі жұмысшысы екені анықталды. Тергеу жүргізіліп жатыр, тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталады", - дейді құзырлы ведомтсвадағылар.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз