Алматыда жедел жәрдемге жол бермеген жүргізуші ұсталды
Хабар 24
Оның 25 жастағы азамат екені анықталды.
Әлеуметтік желіде жеңіл көлік жүргізушісінің жедел жәрдемге жол бермей дау тудырған бейнежазба жарияланып, жұрт арасында қызу талқыға түсті, деп жазады Хабар 24.
Мұнда жеңіл көлік жүргізушісі жол ережесін бұзып, өзгелердің қозғалысына кедергі келтірген. Бейнетүсрілім авторы оқиға кезінде жедел жәрдем көлігінде бала болғанын айтады. Оны жұқпалы аурулар ауруханасына шұғыл жеткізу керек болған.
Қазір полиция заң бұзған адамды ұстаған. Оның 25 жастағы азамат екені анықталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript