Алматыда көлік тонаумен айналысқан қырғыз азаматы ұсталды
Sputniknews.kz
25 жастағы жігіт автокөліктерді ашып, видеорегистраторларды ұрлаған.
Алматы қаласы Алмалы ауданы ішкі істер басқармасы қызметкерлері көліктерді тонаумен айналысқан Қырғызстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаланың ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.
Тергеу барысында анықталғандай, бұдан бұрын сотталған, 25 жастағы қырғызстандық Алматыға ақша табу үшін келген. Әуелі әртүрлі жұмыстарды істеп жүріп, кейін қылмыс жолына қайта түседі: көліктердің әйнегін шағып, видеорегистраторлар мен көлік иелерінің жеке заттарын тонап отырған.
Полиция мәліметінше, Алмалы ауданы бойынша осындай бес жайт тіркеліпті. Ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript