Алматыда кепілге қойылған пәтерлерді "сатумен" айналысқан әйел ұсталды
Zakon.kz
Алаяқ әйел банкке кепілге қойылған пәтерлерді сатуға уәде беріпті.
Алматы полициясы алаяқтық жасады деген күдікпен 1983 жылғы әйел адамды ұстады. Ұсталған әйел жұрттың сеніміне кіріп, жалпы сомасы 30 мың АҚШ долларынан асатын қаражатты қулықпен иемденіп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, 34 жастағы әйел арзанырақ үй алғысы келген адамдарды банкте кепілде тұрған баспананы сатып алуға болады деп сендірген. Оның үстіне қысқа уақыт ішінде алуға болатынын да айтқан. Күдікті уәде бергендей, пәтердің құны нарықтық бағаның 70 пайызын құрайды.
"Пәтер алғысы келгендер құжаттарын дайындап, істі тездету үшін әйелдің шотына екі мың доллар аударуға тиіс болыпты. Ақша қалтасына түскен соң азаматша ғайып болып, "клиенттерінен" қашып жүрген. Сөйтсе, бұл әйелдің банк секторына мүлдем қатысы жоқ екен. Әйел адам қылмысын мойындап, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті" - деп хабарлайды Бостандық ауданы ІІБ полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript