Жаңалықтар тізбегі
0

Семейде ауруханада науқастар төсекке картон төсеп жатып жүр

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2020 15:59 видеодан алынды
Аурухананың кереуеті туралы видео әлеуметтік желіде тарауда. Ондав темір төсектің тозып, матрастың жұқарып кеткені айтылған.

Семейде білдей бір аурухананың төсек-орындарының әбден тозығы жеткен. Ем-дом қабылдап жатқан науқастар матрастың астына картон қағаз төсеуге мәжбүр болғанын айтады, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

- Мұндағы кереуетте жатып ұйықтау мүмкін емес. Міне, осындай "лайфхак" – темірлері жамбасымызға батпасын деп ойлап таптық. Матрастары жұп-жұқа.

"Міне осылай деп айтылатын" аурухананың кереуеті туралы видео әлеуметтік желіде таралуда. Темір төсектің тозып, матрастың жұқарып кеткені айтылған. Қазір бұл видео жұрт арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Бірі ауруханаға түскенде өзімен бірге төсек-орнын апаратынын, енді бірі шаһардағы ауруханалардың төсектерін "жаңарту керек" екенін жазған. Жергілікті денсаулық сақтау мамандары жазбаша жауап қайтарумен шектелді. Олар темір кереуеттердің екі жылдай бұрын жаңартылғанын айтып ақталған", - дейді телеарна тілшісі.

Ержан Шәмшин, Семей қалалық №2 ауруханасының бас дәрігері:

- Атап өтейік, бұл – бір жарым жыл ішіндегі бірінші шағым. Төсеніш мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сай алынды. Және де биыл ішінара жаңалау жоспарланып отыр. Сондай-ақ мәселе науқастармен ашық әңгімелесу арқылы шешілді. Олардың ем-дом жүргізетін қызметкерлерге тағар міні жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: