Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда перинатальды орталықта екпеден соң жаңа туған сәби көз жұмды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2020 16:40 Pixabay
Комиссияның тексеру жұмыстары нәтижелері бойынша бала өлімнің себептері мен қандай жағдайда оның орын алғаны нақтыланатын болады.

Алматыдағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы нәрестенің вакцинациядан қайтыс болғанын растамады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Жаңа туған нәрестенің қайтыс болуына байланысты біз мынаны хабарлаймыз. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылауды бақылау комитетімен бірлесіп арнайы комиссия құрылды, оның құрамына жоғары медициналық мекемелердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар кірді", делінген хабарламада.

Комиссияның тексеру жұмыстары нәтижелері бойынша бала өлімнің себептері мен қандай жағдайда оның орын алғаны нақтыланатын болады. Комиссияның тексеру қорытындысы құқық қорғау органдарына ұсынылады.

Бұл факт қала басшылығының жеке бақылауына алынған.

Айта кетсек, Алматы қаласының перинаталды орталығында жаңа туған нәресте қайтыс болды. Ата-анасы бұл баласын 10 жыл зарыға күткен. Олар шақалақтың өліміне В гепатитіне қарсы салынған екпе себеп екендігіне сенімді, өйткені ұл бала мерзіміне жетіп, дүниеге сап-сау болып туылған, дәрігерлер екпе салып кеткеннен кейін баланың жағдайы күрт нашарлаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: