Оралда жаңа туған сәби мен анасы көз жұмды
pixabay
42 жастағы әйел үшінші сәбиін дүниеге әкелген.
Батыс Қазақстан облысында босанған әйел сәбиімен бірге қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мой город" порталының мәліметі бойынша, 42 жастағы әйел үшінші сәбиін дүниеге әкелген.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асхат Балықовтың айтуынша, 10 қарашада әйел Оралдағы көпсалалы ауруханаға плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуі салдарынан жеткізілген.
"Қабылдау кезінде жүкті әйелдің жағдайы баланың өліміне әкелетін қан жоғалту және акушерлік эмболияның асқынуына байланысты ауыр болды. Шұғыл түрде жедел босандырылды, сол кезде клиникалық өлім болды. Жүрек-өкпе реанимациясы жүргізілді, жүрек қызметі қалпына келтірілді. Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, жүрек қайта тоқтап қалды, жүргізілген реанимациялық іс-шаралар сәтсіз аяқталды, - деп түсіндірді ол.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript