Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстаулық әйел 7 жылдан соң үшемнің анасы болды

үшем, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2023 00:41 Сурет: pixabay
Маңғыстау облысында 7 жыл бойы бала сүйе алмаған әйел бірден үш сәбиін дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Гүлдана Сахи 7 жыл бойы бала көтере алмай жүрген. Ол "Аңсаған сәби" мемлекеттік бағдарламасына қатысып, бүгінде Ясмина, Алина, Адина есімді үш қыздың анасы атанып отыр.

Дәрігерлердің сөзінше, қазір балалардың жағдайы бірқалыпты әрі тұрақты. 
"Балалардың жағдайы жақсы. Өзімнің де жағдайым жақсы. Барлығы жақсы қарап, көмектесіп жатыр. Үшем болады деп ойлаған жоқпыз. Біз бірінші егіз деп ойладық. 12 аптаға барған кезде үшем екенін білдік. Қазір қызкеліншектерге айтарым: Алла беріп тұрған кезде босанып алуы керек деп есептеймін", - дейді Гүлдана Сахи.
Қазақстан бойынша егіздер мен үшемдер дүниеге келетін өңірлердің ішінде Маңғыстау облысы көш бастап тұр. Былтыр өңірде екі үшем мен 177 егіз дүниеге келіпті.
"Нәрестелердің күні жетпей туды, бірақ дәрігерлердің арқасында балалардың да, анасының да жағдайы жақсы. Жақын арада үйіне шығару жоспарланып отыр. Осы қаңтар айында 600-ден аса бала дүниеге келді. Оның ішінде 10-ы – егіз", - деді Маңғыстау облыстық "Ана мен бала" перинатал орталығы директорының орынбасары Ақшолпан Асубайқызы.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: