Нұр-Сұлтанда төрт күнге демалыс жарияланғаны рас па - әкім мәлімдемесі

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Тек ресми ақпараттарға сенуге кеңес береміз.

Нұр-Сұлтан қаласында ел тұрғындарын елең еткізген хабар тарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Онда 23-26 қаңтар аралығында елордада барлық ұйымдардың жұмысы тоқтатылатындығы айтылған.

Осыған байланысты қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.

"Ауа-райының қолайсыздығына байланысты қаладағы барлық мекемелердің жұмысын тоқтатуға қатысты ақпарат шындыққа жанаспайды. Тек ресми ақпаратқа сенулеріңізді сұраймыз. Барлық ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында және аккаунттарында бар", - деп жазды әкім желіде.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-01/thumbs/1579770668_2020012314263539106_83072033_75368271836.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз