Жаңалықтар тізбегі
0

Алаяқтар "тегін интернет-трафик береміз" деп аңқау жұртты қармаққа түсіруде

azattyq-ruhy.kz azattyq-ruhy.kz
Жұртқа тек ресми ақпаратқа сенуге кеңес беріледі.

Тегін интернет-трафикке ие болатынын уәде етіп, базбіреулер қазақстандықтарды фишингтік сайттарға тартып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанда "Қазақтелеком" АҚ атынан әрекет ететін жаңа фишингтік сайт ашылды. Пайдаланушыларға тұратын жері 200 гигабайт тегін интернет-трафик тартатын елді-мекендер тізімінде бар-жоғын "тексеру" ұсынылады. Осыдан кейін пайдаланушыларға бонус алу үшін телефон номерлерін енгізуді сұрайды.

Шын мәнінде, бұл фишингтік сайт. "Қазақтелеком" АҚ ресми порталында мұндай акциялар туралы ешқандай мәлімет жоқ.

– Бұл сілтеме жалған, қазіргі уақытта компанияның қауіпсіздік қызметі және өзге құрылымдық бөлімшелер барлық тиісті шараларды қабылдап, порталды тексеруде. Келтірілген қолайсыздықтар үшін клиенттерімізден кешірім сұраймыз және біздің компанияның ресми ақпараты тек telecom.kz порталында ғана жарияланатынын еске саламыз,- деп хабарлады компанияның PR-қызметі.

Екіншіден, сайттың жалған екендігін оның қарапайым дизайнынан, сервермен қорғалған интернет байланысының жоқтығынан және ағылшын тілді пайдаланушылар қалдырған оң пікірлерден байқауға болады. Есесіне, "Қазақтелеком" тек Қазақстан аумағында ғана провайдер болып табылады.

Фишингтік сайттар – бұл алаяқтарға пайдаланушылардың жеке деректерін, оның ішінде төлем карталары және банктік шоттары туралы ақпаратты ұрлауға мүмкіндік беретін интернет-платформалар. Кибер алаяқтықтың бұл түрі және оны болдырмау жолдары туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: