Жаңалықтар тізбегі
0

Байсерке, Панфилов... Үш ауылдың әкімі "жемқор" деген күдікке ілікті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2020 17:46 zakon.kz
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Олардың кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен қаңтар айында еліміздің бірқатар аймақтарында аудан және ауыл әкімдеріне қатысты сыбайлас жемқорлық бойынша күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Түркістан облысында Кентау қаласының Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол жер учаскесінің ахуалдық схемасына қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерден бұрын келісілген 4 млн 150 мың теңгеден 2 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктенеді.

Әкім кінәсін мойындады және адвокаттың қатысуымен жедел тергеу жүргізу туралы өтінішті мәлімдеді.

Алматы облысында Іле ауданы Байсерке ауылдық округінің бұрынғы әкімі мен әкімдіктің лауазымды тұлғаларының Жаңадәуір ауылындағы 10 га жер учаскесінің нысаналы мақсатын шаруа қожалығынан жеке қосалқы шаруашылыққа заңсыз өзгертуге қатыстылығы тексерілуде.

Аталған аймақта Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі санаторийлік, су қорғау аймақтары мен ирригациялық желілерде жер учаскелерін бөлу кезінде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп күдіктелуде.

Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында күдіктіге қатысты күзетпен ұстау санкцияланды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Олардың кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Бұған дейін хабарланғандай, мемлекеттік қызмет туралы Заңға бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін саяси мемлекеттік қызметшілердің отставкасын көздейтін түзетулер қолданысқа енгізілген (Заңның 3-бабының 3-1-тармағы).

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: