Алматыда әскери билет үшін 470 мың теңге алған лауазым иелері ұсталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2019 17:32 zakon.kz
Күдіктілерге қатысты олардың кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот шығарады.

Алматы қаласы Әуезов ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мен полиция басқармасының лауазымды тұлғалары алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша және Алматы қаласы Әуезов ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бөлім бастығының міндетін атқарушы мен полиция басқармасы кезекші бөлімінің инспекторы (жергілікті әскери басқару органына іссапарға жіберілген) қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар бола отырып, олар әскери қызметтен кейінге қалдыру және азаматтарға әскери билет беру сылтауымен жалпы сомасы 470 мың теңге ақша қаражатын бірнеше рет алаяқтық жолмен иемденген деп күдіктелді.

Қылмыстық іс прокурорға күдіктілерді сотқа беру туралы мәселені қарау үшін жолданды.

Күдіктілерге қатысты олардың кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот шығарады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: