Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақта қазір мылтық жоқ. Қасқыр бір қора қойды қырды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2020 15:01 видеодан кадр
Жамбыл облысы Талас ауданында қасқыр шауып бір қора қойды қырып кетті.

Түнде 206 бас ұсақ малынан айырылып, шаш етектен шығынға батқан шаруаның ит-құспен алысуға қауқары жоқ. Себебі, жабайы аңды атуға тиым бар. Оның үстіне, бөрілерді қорқытып аспанға оқ ататын аңшы қаруы да жоқ, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Атадан қалған мылтықты былтыр шенділер алып кетіпті.

Аш қасқырлар ашық қораға түнде түскен. Қасқыр құлатқан қойлардың басым бөлігі өлген, тірі қалғандары пышаққа түсті. Айта кетейік, шаруаға келген шығын көлемі шамамен 10 млн теңгеден асады.

Ақтөре Әбдебай, шаруа:

– Біттім дедім өзім, барына сеніп отырған малым, атымда басқа ештеңе жоқ. Айтып та жеткізу мүмкін емес бұл жағдайды. Қырды, тамақтайды. Пышақтайды. Болды. Ал соған мылтығымыз жоқ біздің. Мылтығымды былтыр алып қойған. 20 жылдық еңбек енді. 2000 жылы келгенбіз. 20 жылдық еңбек кетіп отыр. Бір жылда екі жылда пайда болған жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: