Жаңалықтар тізбегі
0

"Газ баллонын шаша салды". Астанада автобустағы агрессивті жолаушы видеоға түсіп қалды

Автобус, Астана, агрессивті жолаушы, видео, газ баллоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2024 21:29 Сурет: pixabay
Астанада қоғамдық көліктің жолаушысы билет тексеретін адамның өтінішін елемеген, ал өзіне сын таққан азаматқа ол газ баллонын шашып жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"City Transportation Systems" ЖШС аталған жайсыз оқиға 1 мамырда № 21 бағдарда "Ailand отбасылық демалыс орталығы" аялдамасында орын алғанын хабарлады. 

"Жолаушылардың бірі CTS КБД қызметкеріне жол ақысын көрсетуден бас тартты. Салондағы басқа жолаушылар ер адамға ескерту жасай бастады. Жекелей ескерту жасаған жолаушылардың біріне ол газ шаша салды", делінген хабарламада.


Полиция департаментінің қызметкерлері ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, 73 840 теңгеге айыппұл салды.

"Құрметті жолаушылар, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын уақтылы төлеуді, төлемді тексеруге көрсетуді, сондай-ақ басқа жолаушыларды құрметтеуді сұраймыз", - дейді көлік компаниясындағылар.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: