Астанада өртеніп жатқан автоүйден екі газ баллоны шығарылды
Сурет: pixabay
Астанада автоүй өртке оранған кезде өрт сөндірушілер екі газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндірушінің камерасына түсірілген видео көрсеткен. Онда құтқару операциясы бейнеленген.
"Астанада көпқабатты тұрғын үй аумағында автоүй өртенді. Өрт сөндірушілер келген кезде автоүй толықтай ашық жалынға оранған еді. ТЖД күштері өртті сөндіру барысында екі газ баллонын шығарып, болуы мүмкін жарылыс пен мүлік шығынын болдырмады", - деп хабарлады Астана төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт толықтай 20 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript