Астанада жаңа LRT станциясының маңында өрт шықты

Астанада жаңа LRT станциясының маңында өрт шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2026 13:09 Сурет: primeminister.kz
Астанада өрт сөндірушілер Нұрмағамбетов көшесіндегі автобустық аялдама павильонында шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілерге Сарайшық ауданы, Нұрмағамбетов көшесіндегі қоғамдық көлік аялдамасында түтін шыққаны туралы хабар келіп түскен.

"Оқиға орнына келген кезде құрылыс жүргізіліп жатқан объектінің аумағында, аялдама павильонының жертөлесінде түтін шыққаны анықталды. Электр қорабында және құрылыс қалдықтарында 10 шаршы метр аумақта өрт шыққан", – делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер отты жедел сөндіріп, өрттің көрші бөлмелерге таралуын алдын алды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ТЖМ жариялаған видеодан LRT-нің жаңа станциясына жақын жерде сымдардың жанғаны мен түтін шығққанын көруге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: