Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Сандық технологияның адамзатқа төндіріп тұрған бес қауіп-қатері

Коммерциялық салалар үшін жұмыс орындарынан айырылу, жұмыс орындарының 10 есе қысқару қаупі төніп тұр.

Сурет : guu.ru31 Қаңтар 2020, 15:06

Алматыда өтіп жатқан "Digital Almaty" форумында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары және БҰҰ-ның 75 жылдығы мерейтойына дайындық жөніндегі арнайы кеңесші Фабрицио Хохшильд бүкіл әлемдегі адамзат үшін цифрлық технологияларды енгізудегі басты қауіп-қатерлерін атын атады, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, жақын болашақта деректер қоры 25%-ға артып, бұл көп энергия тұтынысын қажет етеді, сондықтан қоршаған орта үшін жасанды интеллектіні оңтайлы пайдалана білу қажет.

Коммерциялық салалар үшін жұмыс орындарынан айырылу, жұмыс орындарының 10 есе қысқару қаупі төніп тұр. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары атап өткендей, ірі компаниялар жұмыс орындарын аша алады, бірақ бұрынғыдай адамдарды жалдамайды.

Жасанды интеллект адам құқығынан жоғары мүмкіндікке ие. Көптеген Үкімет басшылары көптеген салаларда қауіпсіздіктің осал тұсы бар екенін ақырындап меңзеп келген.

- Бұл арадағы осалдық дегеніміз адам құқығына қатысты нәрсе. Әлеуметтік БАҚ қауіп-қатерге бой ұрғыш келеді, ксенофобияны арттыру және тағы басқа мақсатта көптеген адамдар әлеуметтік желілерді пайдаланады. Биологиялық мәлімттер негізінде қосымшаларды пайдалану қауіп-қатерді арттыруы мүмкін деп санаймын. Бұл ХХІ ғасырдың парадоксы – қате түсініктерді насихаттау арқылы алалаушылықты барынша арттыру. Бұл технологиялар пайда әкелмейді дегенді білдірмейді. Бізге трансшекаралық кеңістікке көбірек тиімді жұмыс істеуіміз керек. Біз күш біріктіре отырып, бірге жұмыс істеуіміз қажет. Өңірлердегі әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша да, - деді Хохшильд.

Сонымен бірге жасанды интеллектіні енгізу үлкен пайда да әкеледі, - деді ол.

- 2030 жылдың күнтәртібінде жасанды интеллект - үлкен әлеует деген мәселе тұрады. Жасанды интеллектіні пайдалану туралы сөз еткенде, мен мектептерді де біріктіруге мүмкіндік беретін жобаларды атап өткім келеді. Қосымшаны пайдалану мәдениеті ауылшаруашылығында да мүмкін, бұл әлемдегі аштықты азайтатын құбылыс, - деп сөзін толықтырды Хохшильд.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер