Юрий Дудь екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Юрий Дудь екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2025 19:45 Сурет: instagram/yurydud
Ресейлік журналист әрі видеоблогер Юрий Дудьке шетелдік агент ретінде өз міндеттерін орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалған жағдайда, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 30 маусым, дүйсенбі күні Мәскеу прокуратурасы Дудьке қарсы Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 330.1-бабының 2-бөлігі (Шетелдік агенттер туралы заңнамада көзделген міндеттерді орындаудан жалтару) бойынша қылмыстық іс қозғауды талап етті.

Сондай-ақ блогер бір жылдың ішінде шетелдік агент ретінде қызмет тәртібін бұзғаны үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны, алайда ол белгіленген таңбалаусыз (маркировкасыз) материалдар таратуды жалғастырғаны атап өтілді.

"Прокуратураның тексеру материалдары қылмыстық қудалау мәселесін шешу үшін тергеу органына жіберілді", - делінген ведомство хабарламасында.

Ресейлік БАҚ мәліметінше, бұл бап бойынша ең қатаң жаза – екі жылға дейін бас бостандығынан айыру. Сондай-ақ айыппұл, міндетті немесе түзету жұмыстары да қарастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: