"Шұбатты шарап бокалынан ішіп көрмеппіз": Юрий Дудь Қазақстандағы сапарын еске алды
Сурет: Instagram/yurydud
Сол кезде миллиондаған аудиториясы бар блогерлер Маңғыстау облысындағы табиғи көрікті жер – Бозжыра шатқалына барған.
Видеода Дудь пен Усачев дәстүрлі қазақтың қышқыл сүттен жасалған сусыны – шұбатты алғаш рет ішіп көрген.
"Айранның күшті түрі екен!" – деді Усачев сусынның дәмін татып көргеннен кейін.
Ал Дудь видеоның сипаттамасында қазақстандықтардан ұлттық асхананың тағы қандай тағамдарын татып көруге кеңес беретінін сұрады.
"Қазақстаннан тыс жердегі достар, сіздер ішіп көрдіңіздер ме? Әсерлеріңізбен бөлісіңіздер! Қазақстандағы достар, осындай мүмкіндік бола қалған жағдайда жергілікті асханадан тағы ненің дәмін татып көруге кеңес бересіздер?" – деп жазды Юрий Дудь.
Қазақстандық журналист Асхат Ниязов видеоны әзілмен: "Шұбатты шарап бокалынан ішіп көрмеппіз", – деп пікір білдірді.
Ал желі қолданушылары Дудьке қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынып, түрлі кеңес берген:
- "Қойдың басын, әсіресе миын жеп көру керек. Бұл – деликатес".
- "Бешбармақты жеп көрген шығарсыз?"
- "Жент, тары, талқан, фишбармақ".
- "Бауырсақ, бешбармақ, палау, лағман, қуырдақ".
- "Ыстықта қышқыл сүт өнімдерін абайлап ішіңіз".
- "Мен Қазақстаннанмын. Өзім де ішіп көрмеппін".
- "Бас" деген тағамды жеп көріңіз – ол қойдың басы. Өте қызық тәжірибе".
- "Әрине, бешбармақ! Мейрамханада емес, тамаша қонақжай әйелдің үйінде жеген дұрыс".
- "Шұбат өте пайдалы, әсіресе ер адамдарға! Сөз беремін", – деп жазды Қазнет қолданушылары.
Еске салайық, 2025 жылдың қазанында қазақстандық танымал блогер әрі PR-маман Әлішер Елікбаев Мадейра аралында Юрий Дудьпен кездесіп, қазақстандық қалың аудиторияны таңғалдырған еді.