Бір жыл утильсбор төлеймін – Алматыда 18 деген алғашқы сары нөмір берілді

Алматы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2020 15:17 Алматы ПД баспасөз қызметі
Көлігін тіркеген – 37 жастағы алматылық Владимир Баев.

Алматыда алғаш рет ЕАЭО елдерінен келген автокөлік тіркелді, - деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қалалық әкімшілік полицияның мәліметінше, "Саялы" ықшамауданындағы №1 мамандандырылған ХҚКО-да республика бойынша алғаш рет Ресейден Қазақстанға әкелінген көлік тіркелді.

Көлігін тіркеген – 37 жастағы алматылық Владимир Баев. Ол Renault маркалы көлігін тіркеді. Көлік иесіне сары түсті тіркеу белгісі берілді.

Бүгін автоХҚО-ға келіп, Ресейден әкелген автокөлігімді Қазақстандағы уақытша тіркеуге қойдым. Көлігімді толық тіркеуге қою үшін енді бір жыл бойы утилизацияның ақшасын төлеймін. Құжаттарым тез жасалды, бәріне 20-30 минут уақыт кетті, - деді Владимир Баев.

Айта кетсек, 1 ақпанда Қазақстанда ЕАЭО елдерінен әкелінген көліктерді уақытша тіркеу басталды. Ақпанда елдегі барлық мамандандырылған ХҚКО-лар демалыссыз жұмыс істейді, бірақ жексенбіде тек көлікті уақытша тіркеуді рәсімдейді.

Сонымен қатар, ЕАЭО көліктерін тіркеу мәселелері бойынша қалалық әкімшілік полиция жанынан call-орталық құрылған, оның нөмірі 8-747-080-01-56 (қоңырауларды жұмыс күндері сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін қабылдайды).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: