Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары жаңадан тағайындалды

express-k.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2020 17:45 express-k.kz
Бұл лауазымды қызмет Алмас Айдаровқа бұйырды.

Алмас Айдаров ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Алмас Айдарұлы Айдаров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", делінген Ақорда таратқан хабарламада.

29 қаңтарда Мемлекет басшысының Өкімімен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылған.

Айдаров Алмас Айдарұлы 1983 жылы 25 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келді. 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша, 2009 жылы Президенттік басқару академиясын бітірді.

Еңбек өтілі:

- "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" РМҚК-нің ішкі аудит жөніндегі маманы, инвестициялық инженері (2004-2006);

- ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің жетекші маманы (2006);

· ҚР Президенті Әкімшілігінің Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің сарапшысы, ҚР Президенті Протоколының сарапшысы (ҚР Президенті Әкімшілігі, 2006-2012 жж.);

-"OKHK Engineering" ЖШС ("Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ компаниялар тобы) басқарушы директоры (2012-2014 жж.);

- "Kaznex Invest" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" АҚ басқарушы директоры - Басқарма мүшесі (2014-2017 жж.);

- Қарағанды ​​облысы әкімінің Өнеркәсіп, ШОБ-ты дамыту, индустрияландыру және инвестиция мәселелері жөніндегі орынбасары (2017 жылғы 28 маусымнан бастап).

2019 жылы Алмас Айдаров пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Ол мұны абайсызда орын алған жағдай деп түсіндірген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: